Головкин Канело-Чавес кездесуі туралы пікірін айтты

Головкин Канело-Чавес кездесуі туралы пікірін айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық боксшылар Сауль Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавестің жекпе-жегі жайлы қысқа ғана пікірін айтты.

«Головкиннен Альварес-Чавес кездесуі жайлы пікірін сұрағанда, GGG күліп жіберді де, «Бұл дұрыс емес!» деп жауап берді», - деп жазды ESPN журналисі Дэн Рафаэль өз твиттерінде.

Бұған дейін Канелоның Чавеспен 165 фунтта жұдырықтасуға дайын екені хабарланған еді. Осы үшін әлеуметтік желілерде жанкүйерлер Альваресті мазақ қыла бастады.

Естеріңізге сала кетсек, Канело Головкинге қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтқан кезде, денесінің 160 фунтқа дайын емес екенін мәлім еткен еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или