Геннадий Головкин: «Джейкобс - дәл қазір менің ең үздік қарсыласым»

Геннадий Головкин: «Джейкобс - дәл қазір менің ең үздік қарсыласым»

Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин 18 наурызда америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы жекпе-жегі жайлы пікірін айтты.

«Мен үшін бұл үлкен жаңалық, өте қызық болғалы тұр. Сәл толқып та жүрмін, себебі тағы бір жекпе-жек өткізгелі тұрмын. Бұл жақсы кездесу болады деп үміттенемін. Менің ойымша, бұл екеуіміз үшін де тамаша жекпе-жек болмақ. Дэниэл - дәл қазір менің ең үздік қарсыласым. Ол тамаша боксшы», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, бұл кездесу биылғы жылдың желтоқсанында өтуі керек болатын. Алайда промоутерлер сыйақыны бөлісу бойынша ортақ келісімге келе алмаған соң, жекпе-жек кейінге шегерілген еді. Енді ресми түрде бұл кездесу 2017 жылдың 18 наурызында Нья-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или