Абель Санчес: «Головкин - Джейкобс келіссөзі 95%-ға аяқталды»

Абель Санчес: «Головкин - Джейкобс келіссөзі 95%-ға аяқталды»

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Дэниэль Джейкобс командасымен келіссөздің аяқталуға жақын қалғанын мәлім етті.

«Том Леффлер келіссөздің 95 пайызға аяқталғанын айтты. Енді бірнеше сұрақтар қалғанын айтқан, бірақ келіссөз аяқталуға өте жақын. Мұны алдағы бір-екі күнде естіп қаламыз», - деді Санчес.

Бұған дейін Ring TV келіссөздің, расымен де, аяқталуға жақын екенін хабарлаған еді. Келіссөз 19 желтоқсанда Панамада өтетін промоутерлік саудаға дейін бітеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, келіссөздің ұзап кету себебі - промоутерлер жекпе-жектен түсетін қаржыны бөлісе алмаған еді. Джейкобстың командасы табыстың 40%-ын сұраған. Бірақ Головкиннің командасы WBA ережесіне сай 25% беруді қалап отыр. WBA (Super) титулының иегері ретінде Геннадий сыйақының 75%-ын алуға құқылы.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или