Леффлер: «Головкин - Джейкобс кездесуін ресми түрде ертең жариялаймыз»
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер америкалық Дэниел Джейкобстың командасымен келісімге келгенін айтты.<br /><br />«Ертеңгі күнге дейін келісімге келіп, жекпе-жекті ресми түрде жариялаймыз деген ойдамын. Эл Хэймонмен үнемі хабарласып тұрамын, Головкин - Джейкобс кездесуін ұйымдастыратынымызға сенімдімін», - деді Том Леффлер BoxingScene сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, WBA президенті екі жақ келісімге келе алмаса, жекпе-жекті саудаға шығаратынын айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или