Данияр Елеусінов Назарбаевқа еліміздің ресми ұранын бекітуді ұсынды
Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен жиында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсыныс тастады, деп хабарлайды «Қазақстан» арнасы.
«Құрметті, Елбасы! Көптеген елдердің өз ұрандары бар. Бір ғана сөз жастарды шабыттандырады. Біздің бабаларымыздың да өз ұраны болған. Сол ұранды естігенде батырларымыздың соғысқа дайын екенін білуге болатын еді. Осыған орай, біздің спортшылардың да ұсынысы бар. Біз «Алға, Қазақстан!» тіркесін ұран ретінде бекітілгенін қалаймыз. Бұл патриоттардың ұраны болмақ. Алға, Қазақстан!», — деді спортшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или