WBC президенті Головкин - Чарло жекпе-жегін ұйымдастырмақшы

WBC президенті Головкин - Чарло жекпе-жегін ұйымдастырмақшы

Дүниежүзілік бокс Кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Джермал Чарло (25-0, 19 КО) арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтып берді. <br /><br />- Бұл тамаша жекпе-жек болмақ. Чарлоның соққылары жойқын, бұған қоса ол өзінің әр қарсыласын нокаутпен ұтады. Менің ойымша, бұл өте қызық кездесу. Егерде Чарло бір салмаққа жоғары көтеріліп, Головкинмен кездескісі келсе - біз тек қуана келісеміз, - деді Сүлейман Dontae’s Boxing Nation  порталына. 

Бұның алдында, Чарло Головкиннен қорықпайтынын және онымен 160 фунтта жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын. <br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или