Хулио Сезар Чавес: «Альварес немесе Головкинмен жұдырықтасқым келеді»
Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес келесі жекпе-жегіне жұлдызды қарсылас іздеуде.
Чавес келер жылы жұдырықтасқысы келетін боксшылардың тізімін жариялады. Хулио қарсылас ретінде Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Джеймс ДиГейл және Баду Джекті қарастырып жүр.
«Канелоға қарсы кездесу ұйымдастыру - жақсы ой. Қаржымыз көп болса, «Трипли Джимен» де кездесер едік. Маған ақша маңызды емес. Баду Джек немесе Джеймс ДиГейлмен де жұдырықтасуға дайынмын. Альварес пен Головкин - жұлдызды боксшылар. Олар мықты. Бірақ супер орта салмақ дәрежесінде де күшті боксшылар көп», - деді Чавес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или