Де Ла Хойя кепілдік берді: GGG - Альварес кездесуі 2017 жылы өтеді
Мексикалық Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя 2017 жылы «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасатынын айтты.
«Альварес 160 фунтқа көтеріліп, Головкинмен жұдырықтасады. Ол GGG-ден қорықпайды. Бұл жекпе-жектің 2017 жылы өтетініне кепілдік беремін - бәске өзімнің промоутерлік лицензиямды қоюға дайынмын», - деді Де Ла Хойя.
Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек биыл өтуі мүмкін еді. Бірақ мексикалық боксшы орта салмақтағы WBC титулын өз еркімен Головкинге беріп қойды. Бұған қарамастан, екі тарап та команда арасында келіссөз жүріп жатқанын хабарлады. Головкин - Альварес жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп қалуы мүмкін.
Айта кетейік, букмекерлер аталмыш жекпе-жекке бәс қабылдай бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или