Леффлер: «Джейкобс, Чавес және Альвареспен кездесу өткізсек, тамаша болар еді»
IBF, WBA, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының алдағы қарсыластары туралы айтты.
«Ең алдымен, бізге міндеттелген Джейкобске қарсы жекпе-жекті бір жағына шығаруымыз керек. Сауда басталғанша келісімге келуге тырысып жатырмыз, кейін Чавес және Альвареспен үлкен жекпе-жектерді қарастырамыз.
Осы жекпе-жектердің барлығын да өткізсек, тамаша болар еді. Головкин - орта салмақта №1, ал Джейкобс - №2. Біз қадамдап қимылдамақпыз, Джейкобс мықты қарсылас. Чавеспен жекпе-жек өтіп қалуы мүмкін, себебі ол 168 фунтқа енді еніп жатыр, біз осы салмақта кездесу ұйымдастыра аламыз. Бірақ Канеломен жекпе-жек біз өткізе алатын кездесулердің ең үлкені болмақ, - деді Леффлер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или