Абель Санчес: «Арманым - Головкиннің Чавеске қарсы жекпе-жегін көру»
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, оның шәкірті келер жылы мексикалық Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы мүмкін. <br /><br />«Чавеске қарсы жекпе-жекті келер жылдың мамыр айында ұйымдастыруға болады. Ол үшін Хулионың командасы Том Леффлерге хабарласу қажет. Мен үшін бұл кездесу - арман, себебі қос боксшының стилі бір-біріне келеді. Мұндай қызық жекпе-жекті қатты көргім келеді. 2017-ші жылы біз төрт рет шаршы алаңға шыққымыз келеді - наурыз, мамыр, қыркүйек және желтоқсанда. Биыл Геннадий тек екі кездесу ғана өткізді, бұл өте өкінішті жайт», - деді Санчес Boxingscene.com сайтына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или