Ковалев GGG-мен спарринг өткізіп, нокдаунға түскенін мойындады

Ковалев GGG-мен спарринг өткізіп, нокдаунға түскенін мойындады

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев қазақстандық Геннадий Головкинмен спарринг өткізіп, нокдаунға түсіп қалғанын мойындады.

Естеріңізде болса, біраз уақыт бұрын британиялық боксшы Джонни Нильсен қазақстандықтың ресейлікті нокаутқа жібергенін естігенін айтқан болатын.

Артынша Ковалевтің бапкері Дэвид Джексон мұны растаған еді. Енді Сергейдің өзі мұны мойындап, сол сәтті есіне алды.

«Иә, бірде Абель Санчестің жаттығу лагеріне барып, Генамен спарринг өткіздім. Оның соққысы жойқын, қапталдан ұрып қалды. Мен жерге құлап қалдым да, бірден тұрдым. Спаррингті жалғастыруға дайын болдым. Мен одан ұялмаймын, біз бимен айналысып жатқан жоқпыз ғой. Бұл бокс.

Оның үстіне, мен сол кезде Челябинскіден келген едім, ол жақта іштім, қыдырдым, демалдым, сөйтіп жұмыс ырғағына ілесе алмай қалдым. Ол кезде спаррингте раундтар төрт минуттан болатын, ал үзіліс отыз секунд қана. Ал бұл оқиға төртінші раундта болды», - деді Ковалев.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или