Кіші Чавес: «GGG көп боксшыны нокаутқа жіберді, бірақ қарсыластары атақты емес»

Кіші Чавес: «GGG көп боксшыны нокаутқа жіберді, бірақ қарсыластары атақты емес»

Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Канелоға қарсы жекпе-жек үлкен болады деп ойлаймын – көп ақша алуға да болады. Головкинге қарсы жекпе-жекте де солай: ол көп боксшыны нокаутқа жіберді, бірақ атағы шыққан қарсыласы болмады. Бірақ мен тек ақша үшін ғана жұдырықтаспаймын. Канело мен Головкин – атақты боксшылар. Егер олар келіссөзге ашық болса, мен кіммен болса да, жұдырықтасуға дайынмын. Болмаса, Джек пен Дигейл бар. Олармен кездесу үшін де жақсы ақша береді. Олар менің салмағымда жұдырықтасады, мен өз дивизионымды құрметтеуге тиістімін», - деді кіші Чавес.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или