Андре Уорд: «Мансабымды аяқтаймын»
Америкалық боксшы Андре Уорд спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, қарашада Уорд ресейлік Сергей Ковалевті төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF титулдарын иеленген болатын. Келісім-шарт бойынша Ковалев матч-реванш өткізуге құқылы.
«Ковалевпен реванш өткізу дәл қазір мен үшін маңызды емес, себебі мансабымды аяқтағалы жатырмын. Бокста барлық нәрсеге қол жеткіздім, шамасы, дәл қазір кетуім үшін үздік сәт болып тұрған шығар. Мен әлі толық шешпедім, бірақ осылай болуы мүмкін», - деді Уорд.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или