Германиялық ММА-дан Қазақстан құрамасының мүшесі атануы мүмкін

Германиялық ММА-дан  Қазақстан құрамасының мүшесі атануы мүмкін

 

Sports.ru порталының хабарлауынша, Макаода өткен ММА спорты бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына үміткер - Роберт Лаудың өнер көрсеткені белгілі болды. 18 жастағы спортшы Қарағандының жанындағы Берлин ауылының тумасы екені анықталған. 90-шы жылдары олар Германияның осы аттас қаласына көшіп кеткен.

– Әке-шешем Германияда көп жұмыс істеп, жағдайымызды жақсартып алды. 14 жасымнан бастап дзюдомен шұғылдана бастадым. Кейін муай-таймен айналыстым. Кейіннен ол жерден кетіп, өзімнің бапкерім, Воваға барып,  ММА-мен үш жыл бойы айналысамын. Маған келісім шарт жасауға ұсыныс келіп түсуде. Бірақ мен әлі дайын емеспін. Мен  18 жастамын және көп қате жібермін. Егер мен осы қателіктерді үлкен промоушенде жасасам, маған қиынға соғатыны анық, - деді Лау. 

 

Айта кетейік, ММА спортында әуесқой немесе кәсіпқой деп бөлуге келмейді. Бірақ көбі статистикасын бұзбауы үшін кәсіпқой деңгейге өтуге асықпайды. Бұл жер -  тәжірейбе жинақтау үшін таптырмайтын алаң. Ал, Қазақстанның жас спортшыны өз қатарына алуға мүмкіндігі бар. ҚФФ көптен бері осы жолмен жүріп келеді. ММА спортында да Қазақстанның тумасын  құрама қатарына қосуға не кедергі? Талантты спортшы жергілікті құрама мүшелеріне бәсекелестік тудыра алатынына күмән жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или