GGG – Канело кездесуі 2017 жылы болуы мүмкін үздік жекпе-жектер тізімінде

GGG – Канело кездесуі 2017 жылы болуы мүмкін үздік жекпе-жектер тізімінде

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр келесі жылы өтуі мүмкін үздік бес жекпе-жекті атап өтті.

Бұл тізімнің көшбасында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында болуы мүмкін кездесу тұр.

«Оскар Де Ла Хойя 2017 жылы Альварес орта салмақта негізгі үш титулдың иегеріне қарсы дайын болатынын айтып, уәде берген еді. Енді бұл жекпе-жектен қашып құтыла алмайтын секілді. Бұл кездесу үлкен қызығушылық тудырады және одан кейін бір-екі рет реванш та өтіп қалуы әбден мүмкін», - деп жазды шолушы.

Сондай-ақ, келер жылы өтуі мүмкін кездесулер қатарында мына жекпе-жектер бар: Карл Фрэмптон — Лео Санта Круз, Флойд Мейвезер — Мэнни Пакьяо, Роман Гонсалес — Карлос Куадрас және Андре Уорд — Сергей Ковалев.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или