Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің өту-өтпеуі 19 желтоқсанда анықталады
Бүкіләлемдік бокс Ассоциациясының (WBA) президенті Джильберто Мендосаның айтуынша, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы кездесуді кім ұйымдастыратыны желтоқсанның 19-ы белгілі болады.
Естеріңізге сала кетсек, екі жақ әлі күнге дейін ортақ келісімге келе алмаған болатын. Енді бұл жекпе-жек саудаға қойылады. <br /><br />Кездесуді ұйымдастырудағы кедергі - сыйақыларды бөлу мәселесі болды. Головкиннің командасы WBA заңына сәйкес табысты 75/25 бөлуді сұрады. Бұған Джейкобстың командасы келіспеді. Олар табысты 60/40 бөлмекші.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или