Әли Аxмедовтың ертеңгі жекпе-жегіндегі қарсыласы өзгерді

Әли Аxмедовтың ертеңгі жекпе-жегіндегі қарсыласы өзгерді

Бүгінге дейін рингке төрт рет шығып, барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Әли Аxмедов ертең кезекті кездесуін өткізеді.

Қазақстандық боксшының қарсыласы латвиялық 20 жасар Эдуардс Герасимовс болуы керек еді. Алайда Польшада өтетін жекпе-жекте оның қарсыласы өзгеріп кетті. 

Енді отандасымыз Беларусь боксшысы Уладзимир Харкевичпен күш сынасады. Харкевичпен кәсіпқой рингте тоғыз кездесу өткізіп, екеуінде нокаутпен жеңсе, алтауында жеңілген, ал бір кездесуінде тең түскен.

Естеріңізге сала кетсек, Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегінде Алматыда әзербайжандық Маммедовті бірінші раундта жеңген болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или