Головкин мен Джейкобстің командалары жекпе-жек туралы келісімге келе алмады

Головкин мен Джейкобстің командалары жекпе-жек туралы келісімге келе алмады

WBA/IBO/IBF/WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) кездесуі жөніндегі келіссөздер аяқсыз қалды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, промоутерлер берілген мерзімде кездесу туралы келісім жасамады. Ресми түрде тараптардың бірнеше сағат уақыты бар, алайда  Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің тағдыры 19 желтоқсанда Панама астанасындағы WBA штаб-пәтерінде өтетін промоутерлік саудада шешіледі деп толық сеніммен айтуға болады.

Головкин мен Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Мэдисон Сквер Гарденде (Нью-Йорк) өтуі мүмкін, орта салмақтағы ең атышулы айқасты HBO телеарнасы көрсетеді.

Егер саудаласуда Джейкобс промоутерлері жеңсе, кездесу уақытын немесе өтетін орнын өзгертуге, тіпті мүлдем болдырмай тастау құқығына ие болады. Бар мәселе Головкиннің келісімшарт бойынша, HBO-ның басты қарсыласы Showtime телеарнасына шыға алмайтыны болып тұр.

Геннадий Головкиннің келесі кездесуінің андеркартында украиналық Александр Усик ауыр салмақта WBO атағын қорғайды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или