AIBA Данияр Елеусіновті жыл боксшысы атағына ұсынды

AIBA Данияр Елеусіновті жыл боксшысы атағына ұсынды

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) ең үздік жыл боксшысы атағына үміткерлердің есімін атады.

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, сол тізімге Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, соның ішінде Вэл Баркер кубогының иегері өзбекстандық Хасанбой Дусматов (49 келі салмаққа дейін), кубалық боксшы Робейси Рамирес (52 келі салмаққа дейін) және қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (69 келі салмаққа дейін).

Айта кетейік, Елеусінов AIBA нұсқасы бойынша 2014 жылы әлемнің ең үздік боксшысы атанған.

Дауыс беру AIBA-ның Twitter желісіндегі ресми парақшасында жүріп жатыр және жұмада, 9 желтоқсанда аяқталады.<span id="ctrlcopy"><br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или