Карл Фроч: «Мені Головкиннен қорықты дейтіндерге ашуым келеді»

Карл Фроч: «Мені Головкиннен қорықты дейтіндерге ашуым келеді»

Әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Карл Фроч Геннадий Головкинге қарсы шықпай, мансабын аяқтап кетті деп айыптаған адамдарға жауабын берді.

«Мені Головкиннен қорықты деп айтатын адамдарға ашуым келеді. Головкинмен жұдырықтасудың орнына мансабымды аяқтағанымды сынайтындар жәй ғана ақымақтар. Естеріңе түсіріңдер, мен қашан және үшін кеттім, ал жекпе-жек туралы қай кезде айтыла бастады – бұл нұсқа ешқашан шынайы болмаған. Отырып алып, өздерін маман санайтын адамдар алдағы уақытта Брюс Ли Майк Тайсонмен жұдырықтаспай жатып қайтыс болды деуі де мүмкін. Бұл, тіпті де, өзекті емес», - деді Фроч.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или