МакГрегор 2017 жылдың тамыз айына дейін үзіліс алды
UFC тарихында алғаш рет екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Конор МакГрегор 2017 жылдың тамыз айына дейін үзіліс алды, деп жазады AllBoxing.ru.
Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін UFC МакГрегордың чемпиондық атағын қайтарып алып, жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді Жозе Альдоға берген болатын.
«Жартылай орта салмақтағы белбеу бір жылға тарта уақыт бойы сарапқа салынбады және Конор тағы 10 айға үзіліс алып отыр, - деді Уайт UFC Unfiltered подкастына берген сұхбатында. - Макс Холлауэй үш жылдың ішінде қатарынан тоғыз жекпе-жекте жеңіске жетті. Энтони Пэттис белбеу үшін жекпе-жекке шығуға ынталы. Жозе Альдо Фрэнки Эдараны жеңді. Қалған спортшыларымызға мүмкіндік бергеніміз әділетті болмас еді». <br /><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или