Геннадий Головкинге Лебедев-Гассиев жекпе-жегі ұнады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Лебедев-Гассиев жекпе-жегі жайлы өз пікірін айтты.
- Өте тартысты әрі қызық кездесу болды. Жанкүйер ретінде маған бұл жекпе-жек ұнады. Кездесудің нәтижесі әділетті ме дейсіз ба? Әрине, мықтысы жеңді. Төрешілердің шешімімен дауласудың қажеті жоқ, - деді Головкин izvestia.ru. сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, Мурат Гассиев Денис Лебедевті ұпай шешімімен жеңіп, ауыр салмақ дәрежесінде IBF чемпионы атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или