Қазақстанның бокс Федерациясы жыл үздіктерін анықтады

Қазақстанның бокс Федерациясы жыл үздіктерін анықтады

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Конфедерация Кубогы аясында боксшылар мен бапкерлерге, сонымен қатар боксты дамытуға үлес қосып жүрген адамдарға сыйлық табыс етілді

«Үздік боксшы» атағын Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алса, әйелдер арасындағы үздік боксшы атағы екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайға бұйырды. 

Үздік жас боксшы ретінде  Садриддин Ахмедов танылса, 2016 жылғы үздік бапкер атағын Марат Елеусінов жеңіп алды. Жастардың үздік бапкері ретінде Ғалым Кенжебаев танылған болатын.

«Үздік рефери» атағы  Наталья Цойға берілді. Үздік облыстық Федерация сыйлығын Павлодар облысының Федерациясы алды. Үздік ақпараттық серіктес атағын <span lang="en-US">Kazsport жеңіп алды.</span>

Бокстың дамуына үлес қосқаны үшін меценат Мүслімбай Дайырбековқа да сыйлық берілді. Сонымен қатар, осындай сыйлық КРСО-ның еңбек сіңірген бапкері Борис  Цхвирашвили мен Аманбай Әжібаевқа табысталды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или