Ресейлік боксшы 40 секундтың ішінде екі чемпиондық белдігінен айырылды

Ресейлік боксшы 40 секундтың ішінде екі чемпиондық белдігінен айырылды

Ресейлік боксшы Эдуард Трояновский Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мен Халықаралық бокс ұйымынының (IBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Намибия боксшысы Джулиус Индонгодан жеңіліп қалды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жекпе-жек сенбі, 3 желтоқсан күні Мәскеудегі «Мегаспорт» аренасында өтті және ол бірінші раундта аяқталды. Индиго ресейлік боксшыны алғашқы 40 секундта нокаутқа жіберді. Трояновский чемпиондық белдіктерін қорғау үшін өз еркімен кездесулер өткізіп жүрген болатын. Бұған дейін ол өз атақтарын екі рет қорғай алды.

Бұл ресейлік спортшы үшін өз мансабындағы алғашқы жеңіліс. Ол 25 кездесудің 22-сін нокаутпен аяқтаған болатын. Намибиялық боксшы үшін бұл 21-інші кездесу, оның 11-ін нокаутпен жеңген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или