KO Kings: «Сондерс Головкинге үлкен қауіп төндіре алмайды»
KO Kings британиялық Билли Джо Сондерстің ресейлік Артур Акавовты жеңуі жайлы өз пікірін жазды.
«Сондерс әр нәрсені өз атымен атады: бұл жекпе-жегі түкке жарамайды. Шындыққа тура қарайықшы: Головкин 160 фунтта кез келгенді жеңіп кетеді, ал Сондерсте әлем чемпионы белбеуі бар. Шыны керек, Головкин үшін ол басқа қарсыластарынан артық қауіп төндіре алмайды», - деп жазды Твиттерде KO Kings.
Естеріңізге сала кетсек, Сондерс Акавовты төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, осы жекпе-жегін өте төмен бағалады. Жанкүйерлерден кешірім сұраған ол кейін Головкинмен кездесудің алдында тағы бір жекпе-жек өткізуі керектігін айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или