Том Леффлер: «Джейкобстің командасымен келіссөзді сәтті аяқтаймыз»

Том Леффлер: «Джейкобстің командасымен келіссөзді сәтті аяқтаймыз»

Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер америкалық Дэниэль Джейкобстің командасымен келіссөз қалай жүріп жатқанын айтып берді.

«Олар әдетте сізге 10 күн береді – бұл стандарт, бірақ мерзімнің ұзартылуы боксшының жеке кестесіне байланысты – ол 12 немесе 14 күн болуы мүмкін. Келіссөзді сәтті аяқтаймыз деп ойлаймын. Эл Хэймон әр әңгімесінде маған Джейкобстің жұдырықтасқысы келетінін айтады, енді кей бөліктер туралы келісуіміз қажет, қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Леффлер ESPN-ге берген сұхбатында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или