Леффлер Головкинның болашақ қарсыластары жайлы сөз қозғады
Том Леффлер UCN Live ақпарат құралына берген сұхбатында 2017 жылы Геннадий Головкинмен шығуы мүмкін боксшылардың есімін атады.
— Геннадий орта салмақтағы соңғы белбеуді алғысы келеді. Джо Сондерсте болсын, басқада болсын Головкин WBO белбеуін жеңіп алғысы келеді. Сонымен қатар кіші Крис Юбенк бар. Боб Арум да Хилберто Рамиреспен жұдырықтасуға шақырған болатын. Тағы да Хулио Сезар Чавес те жекпе-жекке шақырды. Геннадий бокс әлеміндегі ең танымал боксшылардың бірі. Оның таңдайтын мүмкіндігі көп, - деді Леффлер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или