WBA Головкин мен Джейкобсқа жеті күн берді

WBA Головкин мен Джейкобсқа жеті күн берді

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинның промоутері Том Леффлер Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) қазақстандық пен америкалық Дэниэл Джейкобске келісім шартқа қол қою үшін жеті күн бергенін айтты, деп жазады Аllboxing.ru<br /><br />Естеріңізге сала кетейін, екіжақ ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізуде. Алғашында жекпе-жек мерзімі 10-шы желтоқсанға белігіленген болатын. Бірақ, келіссөз сәтті аяқталмай, жекпе-жек уақытын 2017 жылдың көктем айына ауыстыруға тура келген. <br /><br />Айта кетейік, бұл кездесу 12-ші наурыз күні Нью-Йорктағы  Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін. Қазірдің өзінде жекпе-жекті НВО арнасы көрсететіні мәлім болды. Сонымен қатар, бокс кешінде аса жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша жеңілмеген чемпион  Роман Гонсалес те жұдырықтасады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или