Головкин мексикалық танымал сыраны жарнамалады 

Головкин мексикалық танымал сыраны жарнамалады 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өз демеушілерінің бірінің комммерциялық фотосессиясына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

«GGG Tecate фотосессиясында 2017 жылғы ауқымды маркетингті науқанға дайындалуда»,- деп жазды твиттерге Головкинның промоутері Том Лёффлер. 

Tecate - Мексикадағы ең танымал сыра. Атап өткен жөн, бұл компания Головкиннің тегеурінді қарсыласы, мексикалық Саул Альварес «Канеломен» де жұмыс істейді. 

Головкин мен Канело прмоутерлерінің 2017 жылғы қыркүйекте жекпе-жек өткізу жөніндегі ауызша келісімдері бар. 

Дегенмен, Геннадийдің келесі кездесуі 18 наурызда Нью-Йоркте американдық Дэниел Джейкобспен болатын сыңайлы.  

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или