Андре Уорд: «Головкинге қарсы жекпе-жек мүмкін емес»

Андре Уорд: «Головкинге қарсы жекпе-жек мүмкін емес»

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін америкалық боксшы Андре Уорд қазақстандық Геннадий Головкин жайлы өз пікірін айтты.

- Ковалевпен жұдырықтаспай тұрып, Головкинмен кездесуім керек еді. Геннадийдің командасымен ұзақ келіссөздер жүргіздік. Бірақ келісімге келе алмадық. Бұған кінәлі «Трипл Джи» деп айтқым келмейді. Алайда бокс жанкүйерлері шындықты білу қажет. Біз Головкинге табысты 50-ге 50 бөлейік дедік. Алдымен, екеуіміз бір-бір кездесуден өткізіп, содан соң Головкин-Уорд жекпе-жегін ұйымдастырайық деп ұсыныс тастадық. Бұл 2016-шы жылдың басында болды. Бірақ Генаның командасы: «Біз орта салмақта абсолютті чемпион болғымыз келеді. Бәлкім 2018-ші жылы» деген әңгімелер айта бастады. Содан соң мен бірден жартылай ауыр салмақ дәрежесіне ауысып, Ковалевпен жекпе-жек өткізуді жөн көрдім. Қазіргі таңда, Головкинге қарсы жекпе-жек мүмкін емес. Себебі, ол - орта салмақта, ал мен жартылай ауыр салмақта өнер көрсетемін. Бірақ ол салмақ қосып, менімен жұдырықтасқысы келсе, қуана-қуана келісемін», - деді Уорд TMZ Sports арнасына.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или