Том Леффлер: «Уордпен 76 келіде жұдырықтасудан бас тартқан емеспіз»
Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер америкалық Андре Уордтың (31-0, 15 КО) сөздеріне жауап берді.
Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында «SOG» қазақстандық боксшы онымен тек 2018 жылы ғана жұдырықтасады деген болатын. <br /><br />«Уордтың Головкинмен тек 2018-ші жылы ғана кездесеміз деген әңгімесін түсінбедім. Былтыр мен оған біздің келер жылға жоспарымыз бар деп айтқанмын. Содан кейін жекпе-жек өткізуімізге болады дедім. Сауль Альварестің WBC титулынан бас тартатынын, ал Билли Джо Сондерстің бізден қашатынын кім білсін. Қазір Уорд екі салмақ жоғары дәрежесінде жұдырықтасады, бірақ біз онымен 76 келіде жұдырықтасудан ешқашан бас тартқан емеспіз», - деді Леффлер LA Times басылымына.
<br />Айта кетейік, Андре Уорд қазіргі таңда жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA/IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, ал Головкин орта салмақта WBC/WBA/IBF чемпиондық белбеулерінің иегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или