Уорд Головкинге салмағын көтеруді ұсынды
Жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF чемпионы Андре Уорд осы салмаққа көтеріліп жатса, Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.
«Біздің жекпе-жегіміз өтеді деп ойламаймын. Ол орта салмақта, мен жартылай ауыр салмақта жұдырықтасамын. Бірақ ол салмағын көтеріп, жекпе-жекке келіссе, бұл кездесу фанаттар үшін ғажайып болар еді», - деді Уорд.
Головкин рингке 18 наурызда оралып, Нья-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэль Джейкобспен жұдырықтасады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или