Головкин - Сондерс. GGG-дің жеңісіне - 1,1 коэффициент
Sky Bet букмекерлік кеңсесі қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық Билли Джо Сондерс арасында болу мүмкін жекпе-жекке өз болжамын ұсынды.
Букмекерлердің пікірінше, Головкин бұл жекпе-жекте фаворит: оның жеңісіне - 1,1. Ал Сондерстің жеңісіне 6, тең есепке 33 коэффициент ұсынылған.
Бұған дейін Сондерс бірнеше рет Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлім етті. Головкин де бұл жекпе-жектің өтуіне қызығушылық танытып отыр.
Головкин рингке 18 наурызда оралып, Нья-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэль Джейкобспен жұдырықтасады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или