Бокс тарихында тұңғыш гей-чемпион болам деген Крус жеңіліп қалды
Пуэрторикалық боксшы Орландо Крус жеңіл салмақта WBO титулы үшін өткен жекпе-жекте британиялық Терри Флэнаганнан жеңіліп қалды.
Кездесу Уэльстің Кардифф қаласында өткен. Жекпе-жектің сегізінші раундында Крус екінші рет нокдаунға түскен соң бас қазы кездесуді тоқтатып тастады. Осылайша, Флэнаган өз титулын қорғап қалды.
Орландо Крус өзінің көгілдір екенін жасырмай айтқан спортшы. Осы жекпе-жектің алдында бокс тарихындағы алғашқы гей-чемпион атанатынына сенімді болған еді. Ол бүгінге дейін 25 (13 нокаут) рет жеңіске жетіп, бес рет жеңілген және бір рет тең түскен.
Ал оның қарсыласы Терри Флэнаган 32 жекпе-жекке шығып, бәрін де жеңіспен аяқтады (13 нокаут).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или