Қазақстанның бокстан жаңа құрамы белгілі болды
Кеше Павлодарда Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов командаға енген жаңа боксшыларды атады. Олар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрама боксшылары саналады.
Құрамаға бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ, жастар арасында құрлықтық және әлемдік біріншіліктерде көзге түскен боксшылар шақырылды.
Қазақстан құрамасының алғашқы оқу-жаттығу жиыны 2017 жылы 5-26 қаңтар арасында Алматыдағы Бүкіләлемдік бокс академиясында болады.
Бокстан Қазақстан құрамасы:

49 кг
Теміртас Жүсіпов
Ержан Жомарт
Шалқар Айқынбай

52 кг
Азамат Исақұлов
Әнуар Мұзапаров
Азат Махметов

56 кг
Қайрат Ералиев
Нұрбол Қалжанов
Ілияс Сүлейменов
Жанболат Қыдырбаев

60 кг
Зәкір Сафиуллин
Әділет Құрметов
Серік Теміржанов

64 кг
Бекдәулет Ибрагимов
Қуан Қуатов
Ділмұрат Міжітов
Аян Қалибеков

69 кг
Данияр Елеусінов
Абылайхан Жүсіпов
Илья Очкин
Садриддин Ахмедов

75 кг
Әбілхан Аманқұл
Тұрсынбай Құлахмет
Ерік Алжанов
Бек Нұрмағанбет

81 кг
Әділбек Ниязымбетов
Жәнібек Әлімханұлы
Нұрдәулет Жарманов
Бекзад Нұрдәулетов
Шаймұрат Құсайынов

91 кг
Василий Левит
Антон Пинчук
Арбек Абдуғаниев
Серік Мұсаділов

+91 кг
Иван Дычко
Қамшыбек Құнқабаев
Нұрлан Сапарбай
Олжас Букаев.