Бокстан Қазақстан құрамасы жасақталды
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ел біріншілігінің қорытындысы бойынша жаңа команда жасақтады.
Ұлттық құрамаға Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ілінді. Сондай-ақ, әлемдік жарыстарда топ жарған жас боксшылар да негізгі құрамға шақырту алды. Нақтырақ айта кетсек, жастар арасында әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (69 келі), жастар арасындағы Азия чемпионы Аян Калибеков, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бек Нұрмағанбет (75 келі) және қола жүлдегері Бекзад Нұрдаулетов (81 келі) бірінші командада өнер көрсетеді.
Бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы оқу-жаттығу жиыны келер жылдың басында, Алматы облысында орналасқан АИБА Академиясында өтеді.
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері:
49 келі
Теміртас Жүсіпов
Ержан Жомарт
Шалқар Айқынбай
52 келі
Азамат Исақұлов
Ануар Мұзапаров
Азат Махметов
56 келі
Қайрат Ералиев
Нұрбол Қалжанов
Ильяс Сүлейменов
Жанболат Қыдырбаев
60 келі
Зәкір Сафиуллин
Әділет Құрметов
Серік Теміржанов
64 келі
Бекдәулет Ибрагимов
Қуан Қуатов
Ділмұрат Мижитов
Аян Калибеков
69 келі
Данияр Елеусінов
Абылайхан Жүсіпов
Илья Очкин
Садриддин Ахмедов
75 келі
Әбілхан Аманқұл
Тұрсынбай Құлахмет
Ерік Әлжанов
Бек Нұрмағанбет
81 келі
Әділбек Ниязымбетов
Жәнібек Әлімханұлы
Нұрдәулет Жарманов
Бекзад Нұрдәулетов
Шаймұрат Құсайынов
91 келі
Василий Левит
Антон Пинчук
Арбек Абдуғаниев
Серік Мұсаділов
+91 келі
Иван Дычко
Қамшыбек Қонқабаев
Нұрлан Сапарбай
Олжас Букаев.