Головкинді бұрынғы КСРО-ның патшасы деп атады
Британиялық басылым The Mirror кезекті материалында кеңестік кезеңнің үш боксшысын атап өтті - ресейлік Сергей Ковалев, украиналық Василий Ломаченко және қазақстандық Геннадий Головкин.
«Ломаченко жақында Николас Уолтерспен күш сынасады. Жақын арада жұлдыз атану бойынша ол бұрынғы КСРО-ның қос патшасынан озып кетуі мүмкін - Ковалевтен және, тіпті, Головкиннен. Жеті жекпе-жегіне қарамастан, ресейлік боксшы екі салмақта әлем чемпионы болып үлгерді, ал әуесқой деңгейдегі 367 жеңіс пен кәсіпқой бокстағы 36 жеңіс туралы айтудың да керегі жоқ. Ломаченко - нағыз талант», - деп жазды басылым.
Айта кетейік, Головкин 18 наурызда рингке оралады деп күтілуде. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жекке шығады. Қарсыласы америкалық Дэниел Джейкобс болып қалуы мүмкін.