Дэвис кубогының финалы. Хорваттар алға шықты

Дэвис кубогының финалы. Хорваттар алға шықты

Марин Чилич Дэвис Кубогының финалында Аргентинамен кездесуде өз құрамасын алға шығарды.

Жұптық кездесуде Чилич Иван Додигпен бірге Хуан Мартин Дель Потро және Леонардо Майер дуэтін жеңген соң, хорваттар 2:1 есебімен алға шықты. Ал жұптық кездесудің есебі - 7:6, 7:6, 6:3.

Бүгін Чилич пен Дель Потро өзара күш сынасады. Егер аргентиналық теннисші есепті теңестіре алса, барлығын бесінші ойын шешеді. Ол кезде Иво Карловичке Федерико Дельбонис қарсы тұрмақ.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или