Головкин - Boxing Memes нұсқасы бойынша P4P рейтингісінде алтыншы

Головкин - Boxing Memes нұсқасы бойынша P4P рейтингісінде алтыншы

Boxing Memes инстаграмы бокс тақырыбында үздік боксшылардың рейтингін жариялады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Сергей Ковалёвті жеңгеннен кейін американдық  Андре Уорд  рейтинг  көшін бастады, ал ресейлік екінші орынды қанағат тұтты. Үштікті Роман Гонсалес «Чоколатито» түйіндеді.

Сондай-ақ,  топ-5-ке Сауль Альварес «Канело» және Теренс Кроуфорд ілікті.  Геннадий Головкин алтыншы орында. Одан әрі Мэнни Пакьяо, Гильермо Ригондо, Василий Ломаченко және Владимир Кличко жайғасты.

Головкиннің 18 наурызда рингке оралуы күтілуде.  Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жекке шығады. Қарсыласы  -  американдық Дэниел Джейкобс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или