Малиньяджи: "Головкинді көргенде қалғандары секілді Альварес те абыржып қалады"

Малиньяджи: "Головкинді көргенде қалғандары секілді Альварес те абыржып қалады"

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін америкалық кәсіпқой боксшы Пол Малиньяджидің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен басым түседі.

- Дәл қазір бұл бокстағы ең үлкен сұрақ. Бірақ бәрі де бұл жекпе-жектің өтетініне сенгісі келеді. Бұл жақын арада өтеді деп үміттенемін. Бұл жекпе-жекте Головкин жеңеді деп ойлаймын. "Канело" қарсыласқа басымдық беріп қойып, соған бейімделіп жұдырықтасуға үйренбеген. Головкин рингті тамаша "қияды", Альвареске соған төзу қажет. Алдында сондай мықты панчер шықса, кез келгені абыржып қалады. GGG "Канелоға" әр раундтың әр минутын абайлап өткізуге мәжбүр етеді. Бұл психологиялық қысым, осы арқылы Головкин қарсыластарын есеңгіретіп тастайды. Бір қызығы, асыққанды ұнатпайтын "Канело" бұған қалай шыдайды екен?", - деді Малиньяджи.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или