Сондерс - Акавов жекпе-жегінің өту мерзімі ауысты

Сондерс - Акавов жекпе-жегінің өту мерзімі ауысты

Орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс пен ресейлік Артур Акавов арасындағы жекпе-жек қайта кейінге шегерілді. 

Аталмыш кездесу желтоқсанның 3-і өтетін болды. Негізі бұл жекпе-жек қазанның 22-і өтуі керек болған, бірақ Сондерстің жарақатына байланысты кездесу 26-шы қараша күніне ауыстырылды. Енді белгілі болғандай, жекпе-жек 3-ші қараша күні өтеді. 

«Акавовтың дәрігерлік құжаттарын алдық, қағаздар орыс тілінде болған соң ағылшын тіліне аудара бастадық. Сөйтсек, кейбір құжаттар жетіспейді екен. Осыған байланысты Сондерс - Акавов жекпе-жегін желтоқсанның 3-не ауыстырдық», - деді Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или