ҚР чемпионаты. Ералиев жартылай финалда Сүлейменовпен кездеседі

ҚР чемпионаты. Ералиев жартылай финалда Сүлейменовпен кездеседі

Ілияс Сүлейменов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиевпен кездеседі.

Сүлейменов осыған дейін 2011 жылы өткен Азия чемпионатының "күмісін" алып, 2014 жылы өткен Азия ойындарының чепионы атанған болатын. Ол 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне өтіп, Қазақстан чемпионатының ширек финалында 21 жастағы Асылхан Ұзақбаевты уақытынан бұрын жеңіп кетті. Ілияс екінші раундта Асылханды нокдаунға жіберген. Ұзақбаевтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан болатын.

Айта кетейік, 28 жастағы Қайрат Ералиев ширек финалда 18 жастағы Абылай Сайлаубековты қапы қалдырды. Жартылай финал жекпе-жектері 26-шы қараша күні өтеді. 


Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан чепионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 27-ші қараша күні белгілі болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или