Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты

Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің "егіздері" соңғы кездері көптеп табылуда.

Nur.kz сайтының хабарлауынша, боксшыдан айнымайтындардың дені Қазақстан мен Ресейден табылып келген. Ал бүгінде Головкиннің "егізі" Қытайдан табылып отыр. 22 жастағы қазақ жігіті Бай Шан Бо (11-0-1) жартылай орташа салмақта Қытай атынан өнер көрсетеді. Кейбір спортсүйер қауым Бай Шанды Геннадийге ұқсатып жүр.

Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты (фото)

"Этникалық қазақ Қытайда туып өскен. 22 жастағы жігіт кәсіби деңгейге шығу үшін барын салуда", - деп жазған шетелдік сайт.

"Маған Головкиннің жекпе-жектегі стилі өте қатты ұнайды. Онымен бірге жаттығуды армандаймын. Ол мен үшін өте дарынды боксшы. Оның барлық жекпе-жектерін тамашалаймын", - дейді Бай Шан Бо. Боксшы Геннадиймен жолығып, бірге фотоға түсе алғанына шексіз бақытты.

Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты (фото)

Қытайлық боксшы да рингке қазақ шапанын киіп шығады. Мамандар спортшының болашағы зор екеніне сенімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или