Головкин тегеурінді соққыларының құпиясымен бөлісті
Парижде бренд дүкенін ашқаннан кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин осында жиналған журналистерге өзінің ең мықты орындайтын соққыларын көрсетті. Қазақстандық боксшы өзінің шеберлігін тек тәжірибе жүзінде көрсетіп қана қоймай, соққылардың техникасы мен өзінің кәсіби жетістіктері жөнінде айтып берді. Сонымен қатар осында жиналғандар GGG-дің күш-қуатының мүмкіндігін байқады, кейбіреулерінің онымен спарингке шығуға жүректері дауаламады, деп жазады ҚазАқпарат.
GGG түрлі еуропалық басылымдардың журналистерімен тілдесіп, оларға бокстың кейбір элементтері туралы қызықты әңгіме өрбітті. Бұл туралы әлеуметтік желілерді сөз болды.
Айта кетейік, Головкин Парижге Еуропада алғаш рет Jordan Bastille дүкенін ашу үшін барған болатын.
WBC, WBA, IBF және IBO дәрежелері бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылғы бірінші кездесуін Нью-Йоркте өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Дэниел Джейкобс WBA дәрежесінен міндеті үміткер болып табылады.