Головкин ESPN рейтингісінде екінші орын алды
ESPN журналистері қарашаның қорытындысы бойынша үздік он pound-for-pound боксшыны анықтады.
Рейтингінің басында Роман "Чоколатито" Гонсалес тұр. Екінші орында - Геннадий Головкин. Ал Андре Уордтан жеңіліп қалған Сергей Ковалев үздік үштікті түйіндеді.
Ал Уордтың өзі - төртінші сатыда. Артынша Теренс Кроуфорд, Мэнни Пакьяо, Сауль Альварес «Канело», Василий Ломаченко, Гильермо Ригондо және Кит Турман рейтингіден орын алған.
Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 2017 жылдың 18 наурызында Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Дэниэль Джейкобске қарсы өтуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или