Андре Уорд Роман Гонсалесті тақтан тайдыра алмады
Атақты "The Ring" басылымы әлемнің ең үздік боксшылар тізімін жаңартты.
Ковалев - Уорд жекпе-жегінің жеңімпазы "Pound for Pound" тізімінде көш бастайды деген әңгімелер өтірік болып шықты. Аса жеңіл салмақтың ең үздік боксшысы никарагуалық Роман Гонсалес P4P рейтингісіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Ал өте күмәнді жеңіске жеткен Андре Уорд Сергей Ковалев пен Геннадий Головкинді артта қалдырды. Бұған дейін, "Triple G" - үшінші, ал "Крашер" екінші сатыда жайғасқан болатын.
Жақын күндері украиналық Василий Ломаченко да рейтингте жоғарлауы мүмкін. Ол үшін екі дүркін Олимпиада чемпионы ямайкалық Николас Уолтерсті сенімді түрде жеңуі керек.
Майқұдық тумасы Геннадий Головкин желтоқсан айында Джейкобспен кездесіп, оны ұтып жатса, үздік үштікке ілінер еді. Бірақ өкінішке қарай, бұл жекпе-жек кейінге шегерілді.
"The Ring" басылымының P4P тізімі:


