Дэниел Джейкобс: «Головкинді қалай ұтуға болатынын жақсы білемін»

Дэниел Джейкобс: «Головкинді қалай ұтуға болатынын жақсы білемін»
Америкалық боксшы Дэниел Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесуге дайындығын бастайтынын айтты.
 
- Келесі аптада жаттығу жұмыстарына қайта ораламын. Головкинмен дәл қазір төбелесейін деп тұрған жоқпын, алайда бәрі жоспар бойынша өтуі тиіс. Алдағы күндері қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қоямыз деген ойдамын. Геннадийді қалай ұтуға болатынын жақсы білемін. Бірақ мұндай кездесуге өте мұқият дайындалу қажет. Мен талантты боксшымын және «Трипл Джиді» жеңетініме сенімдімін, - деді Джейкобс Boxingnews24.com сайтына. 
 
Америкалық БАҚ, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі келер жылдың наурыз айында, Нью-Йорк қаласында өтеді деп жазған болатын. 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или