Жүкембаев пен Құсайынов Монреальда жекпе-жек өткізеді

Жүкембаев пен Құсайынов Монреальда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов канадалық Жан Паскальдың бокс кешінде жекпе-жек өткізбек.

Бокс кеші 16-шы желтоқсан күні Монреальда өтеді.  Жартылай ауыр салмақтағы экс-әлем чемпионының қарсыласы әлі анықталмаған. Дегенмен, қазақстандықтардың қарсыластарының есімі белгілі болды.

25 жастағы Абылайхан Құсайынов кәсіпқой рингте өткізген барлық үш жекпе-жегінде де жеңіске жеткен. Осы жолы жеңіл салмақтағы қазақстандық Оскар "Тотти" Мехиямен жұдырықтасады. Мехия 10 жекпе-жек өткізіп, 8 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 рет тең түскен. Ал, Батыр Жүкембаев "El Cubano" лақап атымен ринге шығып жүрген Хуан Мануэль Мареш Кастроға қарсы жекпе-жек өткізеді. Мареш Кастро 26 рет рингке шығып, 16 рет жеңіске жеткен. Ал, қазақстандық осыған дейін өткізген алты жекпе-жекте де нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или