Головкин Boxing News журналының рейтингісінде көш бастады

Головкин Boxing News журналының рейтингісінде көш бастады

Қазақстандық Геннадий Головкин бокс туралы ескі басылым Boxing News рейтінгісінде көш бастап тұр.

Tengrinews.kz порталының ақпаратына сүйенсек, Boxing News өз рейтінгінен бұрын бірінші орында тұрған пуэрторикандық Мигель Коттоны тізімнен алып тастағаннан кейін өзгеріс болды. Бұған себеп Котто жыл бойы жекпе-жек өткізбеді. Соңғы рет ол Сауль "Канело" Альварестен ұтылғаннан кейін (2015 жылдың 21 қарашасы) шаршы алаңға шықпаған. Кейін мамыр айында "Канело" бұл белбеуді Головкинге берді.

Айта кетейік, Boxing News шешімі Pound for Pound рейтингісіне де әсер етіп, Головкин бұл тізімде сегізінші орынға көтерілді.

Boxing News басылымының ТОП-10 тізімі:

1. Геннадий Головкин

2. Дэниэл Джейкобс.

3. Билли Джо Сондерс.

4. Питер Куиллин.

5. Энди Ли.

6. Давид Лемье.

7. Хассан Н’дам Н’жикам.

8. Крис Юбенк-младший.

9. Вилли Монро-младший

10. Автандил Хурцидзе

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или