Геннадий Головкин P4P рейтингісінде екінші орында тұр

Геннадий Головкин P4P рейтингісінде екінші орында тұр

Твиттерде бокс әлеміндегі жаңалықтар мен маңызды пікірлерді жазып отыратын Boxing Kingdom қарашадағы pound-for-pound боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады. 

Рейтингіні, әдеттегідей, әлі жеңіліп көрмеген никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес (46-0) бастап тұр. Қазақстандық Геннадий Головкин (36-0) тұр әзірше екінші орында.

Үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд (29-0) түйіндейді.

Жақында ғана Сергей Ковалевті жеңген Андре Уорд (31-0) үздіктер қатарына ене алмай, төртінші орынға тұрақтады. Ковалев (30-1-1) болса, бесінші сатыдан орын алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или